Жаңалықтар

Бүгін облыстық ПМПК мен Ұзынкөл ауданының ППТК ұжымымен бірлесіп аутизм туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған маңызды әрі жүрекке жылы әсер қалдырған іс-шара өткізді. Біз аутизм спектрі бұзылыстары бар адамдарды қабылдау, түсіну және қолдау туралы айтып, қалыптасқан жаңсақ пікірлерді сейілтіп, пайдалы ақпараттармен бөлістік.
Іс-шара барысында қатысушылар аутистикалық бұзылысы бар балалардың қабылдау және мінез-құлық ерекшеліктерімен танысып, интерактивті тапсырмаларға қатысып, әрқайсымыздың әлемді мейірімді әрі қолжетімді етуге қалай үлес қоса алатынымызды талқылады.
Осындай кездесулер қоғамда толерантты көзқарасты қалыптастыруға, эмпатияны дамытуға және бір-бірімізге мұқият болудың маңыздылығын еске салуға ықпал етеді 💙
#АутизмКүні #2сәуір #БізӘртүрлімізБірақТеңбіз #Аутизм #Инклюзия










