Семинарда баяндама жасаған – дефектолог-мұғалім Шаяхметова Айдана Нурлановна. Ол «ПМПК қызметі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға арналған білім беру бағдарламалары» тақырыбында баяндама жасап, өз сөзінде ПМПК жұмысының негізгі бағыттарын, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктерін атап өтті.
Семинарға ауданның 45 мектебінің өкілдері, соның ішінде білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың орынбасарлары және педагог-психологтар қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша педагогтердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту, дамыту және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша сұрақтарына жауаптар берілді.








